Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАН ТАПСЫРУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 06.02.2024 557 0 пікір
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАН ТАПСЫРУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен қан тапсыру акциясы өтті.

Жылына екі-үш мәрте тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан қайырымдылық шарасына мешіт қызметкерлері мен шәкірттері, жамағат арасынан еріктілер белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Қан тапсыру акциясы бастала салысымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері алғашқы болып тіркеліп, жамағатқа үлгі көрсетті.

Мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенділігіне тәнті болған Республикалық Қан орталығының мамандары өз ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру