Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: ДСАК шәкірттері «Ғибадат исламия» кітабын тәмамдады

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 12.01.2024 2690 0 пікір
Шымкент: ДСАК шәкірттері «Ғибадат исламия» кітабын тәмамдады

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған көне түркі кітаптарын оқыту жұмыстары жалғасын табуда.

Шымкент орталық мешіті жанынан ашылған «Ясауи дүниесі» көне түркі кітаптарды оқыту орталығының ұйытқы болуымен «Бір айда бір кітап оқы» аясында Қаратау ауданының «Сайрам» мешітінде шәкірттер кезекті имандылық үйірмесін тәмамдады. Аталмыш шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам әрі көне түркі еңбектерді оқыту орталығының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов, ұстаздар Салахиддин Мухиддниов, Зейнаб Каримжанова ұстаздар қатысып, төрелік етті.

Курсты тәмамдаушылардың арнайы байқаудан білім деңгейлері тексерілді. Нәтижесінде брінші орын иегері Шырын Рахимбаева, екінші орынды Жалалбек Мамуржанов, ал үшінші орынды Чарос Сидықметова иеленіп, үздік атанды. Үздіктерге алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Жалпы үйірмені 455 шәкірт тәмамдады. Курс барысында «Ғибадат исламия», «Устаз аууал», «Сопы Аллаяр» кітаптары тереңдетіліп оқытылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру