«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ШҚО Риддер қалалық «Қонаев» мешітінің ұйтқы болуымен қала бойынша жамағат арасында садақ ату сайысы өтті.
Сайысқа Риддер қаласының тұрғындары қатысып, мергендіктен сынға түсті. Тартысты өткен сайысты ұымдастырушы ұстаз Бекзат Құсанбаев: «Мергендік және садақ ату ежелден қазақтың ұлттық спорты десек артық емес. Бұл шара салауатты өмір салтын сақтау, мешіт жамағатының ынтымағын арттыру, оларды басқаларға үлгі ету, асыл дініміздегі татулықты насихаттауға бағытталып отыр» деп атап өтті.
Айта кетейік, сайысқа қатысқан мергендер ортасынан озып шыққандар жүлделі орындарға ие болды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
12.09.2023
3046
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру