Елорда төріндегі Ботаникалық бақта ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Табиғатты аялау – аманат» акциясы өтті.
Астана өкілдігінің Жастар ісі секторына жауапты дін қызметкерлері бақ келушілерін табиғатты аялауға шақырып, қоршаған ортаны қорғауға үндеді. Шара барысында арнайы дайындалған парақшалар мен тәттілер таратылып, табиғатты аялау – аманат екендігі айтылды.
Эко-шараға арнайы қатысқан қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы табиғаттың күтіп-сақтаудың, оны келер ұрпаққа бүлдірмей аман жеткізудің маңыздылығын айтып, тарату жұмыстарына да белсене қатысты. Айта кетейік, «Табиғатты аялайық!» акциясы Астана өкілдігі бойынша бұған дейін де бірнеше мәрте ұйымдастырылып, Ерболат Нұрылдаұлы барлық шаралардың басында өзі жүрген болатын.
Тарату жұмыстарынан соң дін қызметкерлері саябақтағы құстарға жем шашып, табиғат үндестігіне өз үлестерін қосты. Шара соңында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында велосипедпен саябақ ішін аралады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру