Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қор директоры – «Мың алғыс» радиобағдарламасында

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 08.09.2023 1665 0 пікір
Қор директоры – «Мың алғыс» радиобағдарламасында

Бүгін қасиетті жұма күні ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев «Қазақ радиосының» «Мың алғыс» бағдарламасында арнайы қонақ болып, әуе толқынында сұхбат берді.

Бағдарламаның маусымашар шығарылымы «Қайырымдылық – қадірлі іс» тақырыбына арналды. Қор директоры әуе толқынында 2017 жылдан бері қайырымдылық тақырыбын насихаттап жүрген радио ұжымына алғысын білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осы бағыттағы игі жобаларына кеңінен тоқталды. Одан бөлек қайырымдылықтың дініміздегі маңызын атап өтті.

Бағдарламада дәстүр бойынша көмекке мұқтаж кейіпкер Абай Дүйсенов жөнінде мәлімет беріліп, Оңтүстік Кореяда тексеруден өтіп жатқан науқастың еміне шипа тіледі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру