Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Саяси қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 31.05.2023 1117 0 пікір
Шымкент: Саяси қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

Бүгін Шымкент қаласының Қайтпас елдімекенінде орналасқан «Қасірет» мемориалында 31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті.

Шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің игі бастамасымен қала мешіттерінде бесін намазынан кейін арнайы қасиетті хатым Құран тіләует етілді.

Мұнымен қатар, қала әкімдігінің ұйытқы болуымен «Қасірет» мемориалында өткен еске алу шарасына Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың сәлемін жеткізіп, уағыз-насихат айтылып, шара соңында дұға жасалды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру