Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда «I-QUP» рухани-интеллектуалды сайысы өтті (Видео)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 26.05.2023 1041 0 пікір
Атырауда «I-QUP» рухани-интеллектуалды сайысы өтті (Видео)

Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің қолдауымен ерікті жастардың ұйымдастыруымен өткен интеллектуалды сайысқа облыс имамдары мен жастар жамағаты қатысты.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, рухани-зияткерлік сайыстың негізгі мақсаттары туралы айтты.

«Асыл дініміздің өркендету, рухани ағартушылық жұмыстары арқылы – қоғамда саналы тұлға қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап келеміз. Әрине, адам оқып, білім алып, ізденуі қажет» деп атап өтті бас имам.

Сайысқа барлығы 25 команда қатысты. 6 турдан тұрған кезеңде қатысушыларға діни, тарихи, логокалық сұрақтар қойылды. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Әт-Тақуа мешіті, екінші орынды «Ихсан» мешіті, үшінші орынды Мақат ауданы орталық мешіті еншіледі. Жеңімпаздар сый-сыяпаттармен марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру