Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда мүфтиятқа қарасты мешіт имамдары тәжірибе алмасуда

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 24.05.2023 1600 0 пікір
Атырауда мүфтиятқа қарасты мешіт имамдары тәжірибе алмасуда

Атырау қаласына Ұлытау облыстық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Мейіржан Әнуарбеков пен Жетісу облысы Ескелді ауданынынң бас имамы Ордыбай Мұхаммед тәжірибе алмасуға келді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы діни басқармасының бастамасына сәйкес, имамдар әр облыста іс-тәжірибе алмасуда. Жиында Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы соңғы жылдары облыс көлемінде атқарылған жұмыстарды таныстырды.

«Киелі Атырау өлкесіне келген сапарларыңыз берекелі болсын. Сіздер бір апта көлемінде облыс мешіттерінде насихат айтып, мешіттердің тынысымен, жамағатымен етене танысатын боласыздар. Бұл тәжірибе алмасу болғандықтан, өз өңірлеріңізде де қолға алатын жобалар туралы да ойларыңызбен бөліссеңіздер болады» деп атап өтті бас имам.

Алтынбек Ұтысханұлы орталық мешіт жанынан ашылған медиа студия, Қайырымдылық орталығының жұмысымен таныстырды. Айта кетейік, сапарда жүрген имамдар бір апта бойы қала мешіттерінде намаз жүргізіп, дәріс береді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру