Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨСКЕМЕНДЕ АЙМАҚТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 24.05.2023 1372 0 пікір
ӨСКЕМЕНДЕ АЙМАҚТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Өскемен қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен С.Аманжолов атындағы ШҚУ ғимаратында  «Қайырымдылық жаршылары» атты аймақтық еріктілер форумы өтті.

Шараға ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы, «Зекет және орта қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, қордың Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы өкілдері, ерікті жастар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алқалы жиынды ашып сөз сөйлеген ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Ерікті азаматтардың көп болуы қоғамдағы ізгіліктің кең қанат жайғандығын білдіреді. Қайырымдылық жасау, басқаға көмек көрсету ізгіліктің белгісі әрі рухани тәрбиенің ең жоғары өлшемі. «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы бола білгені» деген хадистегідей біз мемлекетке, қоғамға, дінге өлшеусіз үлес қосатын, моральдық қағиданы берік ұстанатын, жанашыр,  өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласатын жастардың көбеюін қолдаймыз. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Барлық жақсылық – садақа» деген өміршең өсиетін орындаудың бір шарты-ерікті түрде басқаға жақсылық жасауға саяды» деп,  адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту мәселесіне басымдық беру керек екендігіне кең көлемде тоқталды. Бас имам жастардың қоғамдық белсенділігін жоғары бағалап, адами капиталды дамыту өзектілігін нақты мысалдармен баяндады.

ШҚО мен Абай облысынан келген еріктілер бас имамның баяндамасын жоғары бағалап, жиын барысында өз көзқарастарын білдірді. Форумда шараны ұйымдастырушы «Зекет және қайырымдылық» қоры ШҚО-дағы өкілі Берік Кәдірұлы қор тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алға қойған мақсаттар мен ой-жоспарларын ортаға салды.

Еріктілер форумында қос облыстың еріктілері құнды ұсыныстар айтып, ерікті қызметтің маңызы сараланды. Аймақтық форум жоғары деңгейде өткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру