Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Шағын футболдан турнир өтті

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 23.05.2023 1593 0 пікір
Жетісу: Шағын футболдан турнир өтті

ҚМДБ Жастар ісі секторы Жетісу облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен дін қызметкерлері мен жамағат арасында «Алтын доп» шағын футболдан турнир өтті.

Спорттық шараға барлық аудан-қаладан 16 команда қатысты. Облыстың бас имамы Алмас Сағидоллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, өзі де облыстық «Иман» мешітінің атынан ойнады. Шараның шымылдығын @jetisu.centre басшысы Бейбіт Смаханұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартысты дода қорытындысына келсек:

1-орын Көксу ауданы (400 мың тг);

2-орын Алакөл ауданы (250 мың тг);

3-орын Панфилов ауданы (150 мың тг)

Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша да ойыншылар марапатталды. Барша ұйымдастырушылар және қатысушыларға алғысымыз шексіз. Жалпы үрдіске айналған игі шараларға келесі жылы спорттың басқа да түрлерін қосып өткізу жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру