Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауда алғаш рет «Жамағат барысы» турнирі өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 24.03.2023 2314 0 пікір
Ақтауда алғаш рет «Жамағат барысы» турнирі өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен «Жамағат барысы» турнирі өтті.

Балуандар бәсекесінің шымылдығын Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы мен өңірдің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Жас Қанат» спорт кешенінде өтіп жатқан додада балуандар 75 келіге дейін және +75 келіден жоғары салмақ бойынша бақ сынады.

66 балуан қатысқан доданың нәтижесі:

+ 75 кг салмақ:
1. Ходжаназар Заманбек (Түпқараған ауданы) – кіші қажылыққа жолдама.
2. Орынбасар Кенесары (Ақтау қаласы).
3. Аллияров Азамат (Мұнайлы ауданы).

– 75 кг салмақ:
1. Қартмағамбетов Қазбек (Ақтау қаласы) – кіші қажылыққа жолдама.
2. Жұмаханов Ербол (Ақтау қаласы).
3. Олжабаев Сәуірғали (Қарақия ауданы).

Алғаш рет ұйымдастырылған бұл спорттық шараның мақсаты жамағаттың ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру