Талдықорған орталық мешітінде «Деструктивті бағыт – дін емес» тақырыбында аймақтық діни семинары ұйымдастырылды.
Діни басқарманың Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағыты бекітіліп, жат діни ағымдардан сақтандыру бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылған болатын. Осы орайда ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Талдықорған орталық мешітінде өткен семинарға өңір имамдары қатысты.
Ақпараттық-танымдық мақсатта ұйымдастырылған шарада облыстың бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, өңірдің жат ағымнан сақтандыру бағытына жауапты маманы Жардыбайұлы Ережеп мамандарға дәріс оқып, дін қызметкерлерімен білгендерімен бөлісті. Қоғамда өзекті болған жат ағыммен күрес жолдары талқыланып, әдіс-тәсілдер қолдану арқылы деструктивті діни бағыттардың алдын-алу бойынша жұмыстар пысықталды.
Сондай-ақ Жардыбайұлы Ережеп «MUFTIYAT» баспасынан діни оңалту бойынша арнайы оқулық дайындалып жатқанын жеткізді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті
taglym.kz
10.03.2023
2557
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру