Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Бас имам дін мамандарына дәріс оқыды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 09.03.2023 1546 0 пікір
Жамбыл: Бас имам дін мамандарына дәріс оқыды

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде шариғат және пәтуа бағытының мамандарына арналған семинар өтті. 

Аталған жиында Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев дін қызметкерлеріне дәріс оқыды. Пәтуаны кімдер береді, пәтуа деген не, сұрақ-жауап пен пәтуаның айырмашылығы қандай сынды сауалдарға тоқталып өтті. 

«Біреу білмегенді – біреу білер» дейді халық даналығында. Ал, діни мәселені шешуге ілімі жетпейтін жандарға Алла Тағала: «Егер білмесеңдер, онда білетіндерден сұраңдар» («Нәһл» сүресі, 43-аят),- деп әмір етеді. Басқа бір аяттарда: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» («Зумар» сүресі, 9-аят), «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады» («Әнкабут» сүресі, 43-аят),- деп баяндаған» деді бас имам.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру