Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Һибатулла Тарази» мешітінде 60 шәкірт Құранға түсті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 19.01.2023 703 0 пікір
«Һибатулла Тарази» мешітінде 60 шәкірт Құранға түсті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы жауапты өкілі  Жазира Иманалиева және «Һибатулла Тарази»мешітінің ұстаздары Жібек Қолағұлова, Нұргүл Алиханқызының ұйымдастыруымен «Құран кеші» өтті.

Аталған рухани кеш қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, бас имам Бейбіт Мырзагелдиевтың насихат айтты. Жиынға «Әжелер алқасы», ардақты ұстаздар, шәкірттер мен жамағат қатысты.

Облыстық мешітте діни сауат ашу курсында ілім алушы қыз-келіншектердің құрметіне жасалған кеште Құранға түскен 60 шәкіртке құрмет көрсетілді. Шарада Құран тақырыбында, Алланың кәләмына деген махаббат тақырыбында уағыздар айтылып, қызықты ойындар ойнатылды, сонымен қатар мәні терең бейнероликтер көрсетілді.

Айта кетейік, сауат ашу курсында орталық мешіттің өзінде «бастауыш» топта – 95 шәкірт, «Құран жаттаушы» топта – 40, «орыс тілді» топта – 20, «әжелер» тобында – 25 адам, жалпы 200-ге жуық әйел адам білім алуда.

Рухани ортаға, білімге толы жиын соңында барлық қонақтарға қасиетті Құран кітабы тарту етілді. Алланың кәләмі жазылған кітапты сыйға алған жамағаттың қуанышында шек болмады. Шараға 150-ден астам адам қатысқанын айта кеткен жөн.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру