Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл өңірінің имамдары жылдық есеп тапсырды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 06.12.2022 2577 0 пікір
Жамбыл өңірінің имамдары жылдық есеп тапсырды

Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде өңір имамдарының жылды қорытындылау жиналысы өтті.

Облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың жетекшілігімен өткен шарада қала-аудан бас имамдары жылдық есеп тапсырды. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы мен облыстық мешіттің қызметкерлері қатысты. 

Бейбіт Әліпбекұлы имамдық қызметтің маңыздылығы, міндеті мен мақсаты, жауапкершілігі жайлы жалынды сөздерімен мәжілісті ашты. 

Имамдар ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, слайд, кітапша ұсынып, баяндама жасады. 

Сәкен Сәрсенбайұлы имамдарға қызметтері үшін алғыс айтып, өз ұсынысын білдірді. Ал мешіт қызметкерлері өздері жауапты бағыттар бойынша аудан мешіттері жұмысының үздік және әлсіз тұстарын атап, басымдық беріп, жұмыс жасауға қажетті тұстарын атады.

Жиын соңынан әр бағыт бойынша үздік өңірлер марапатталды. Атап айтсақ, уағыз-насихат бойынша Қордай ауданы, діни оңалту бағыты бойынша Тараз қаласы, зекет және қайырымдылық бағытынан Меркі ауданы, ақпарат және ағарту бойынша Шу ауданы, дін мен дәстүр бағыты бойынша Жамбыл ауданы үздік деп танылды. 

Барлық дін мамандарына алғыс айтылып, алдағы жылда да дін үшін, халық үшін игі істерге мұрындық болып, белсенділіктен таймай қызмет ету насихатталды. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру