Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«БІЛІКТІ ИМАМ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

muftyat.kz 13.11.2022 2402 0 пікір
«БІЛІКТІ ИМАМ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2022 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағыты бекітіліп, діни білім және ғылым бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылған болатын. Осы орайда ҚМДБ-ның Алматы облысындағы өкілдігі және Алматы облысы дін істері басқармасы бірлесе отырып ұйымдастырған «Білікті имам – қоғам айнасы» тақырыбында 3 күндік ақпараттық-танымдық семинар өтті.

Райымбек, Кеген және Ұйғыр аудандарының имамдарына арналған семинар барысында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, исламтанушы Асқар Болатбекұлы, Алматы облысы «Қапшағай» орталық мешітінің ұстазы Бағылан Болатбекұлы, «SAF MEDIA» компаниясының директоры, теология ғылымдарының докторы Салтан Сайранұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Нұржан Айдарұлы, РАТТ мүшесі, заңгер, теология ғылымдарының докторы Азамат Нұғманұлы сынды өз ісінің мамандары дәріс оқыды.

Курс соңында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы ұстаздарға алғыс білдірді. Ал наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы дін қызметкерлеріне алған білімдерін растайтын сертификат табыстап, алдағы уақытта да білімдерін шыңдауға шақырды.
Сонымен қатар өңірде мәуліт кеші өтті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру