Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Дін қызметкерлері аттестатталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 09.11.2022 2275 0 пікір
Ақтөбе: Дін қызметкерлері аттестатталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өңірдің 133 дін қызметкері аттестаттаудан өтіп, оның 16-сы жаңа діни қызметке ұсынылды.

Аттестаттау тест және ауызша сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрады. Тест бөлімінде: ақида, фиқһ, ислам тарихы және Қазақстан Республикасының заңнамасы бағыттары болса, ауызша сұрақ-жауап бөлімінде қирағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, ҚМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттары бағыттары қамтылды.

Ақтөбелік дін қызметкерлерін Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің маманы Махамбет Искандеров аттестаттаудан өткізді.

Сонымен қатар комиссия мүшелері аталған шараның маңыздылығы туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру