Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі 08.11.2022 1807 0 пікір
Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

«Қызылжар» қалалық мешітінде қала және аудан имамдарының қатысуымен «Еріктілер – қайырымдылық жаршысы»  тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинарды ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  директоры Мақсатбек Мақсотұлы жүргізді. Семинар-тренинг барысында қордың басты мақсаты түсіндіріліп, негізгі мәселелер талқыға түсті. Басты мәселе «Зекет және қайырымдылық» қоры туралы жамағатқа, жалпы халыққа жеткізу болса, тағы бір мәселе еріктілер жайлы болды.

Ерікті деген кім? «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қайырымды жандар» еріктілерінің негізгі ұстанымы мен мақсаты қандай? Осы сұрақтардың жауабы айтылып, жұмыс барысы қалай болатыны түсіндірілді. Сондай-ақ қоғам арасында жанашырлық, мейірімділік, қамқорлықты нығайту қажеттілігі айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру