Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: Үйі өртенген 2 отбасыға қаржылай көмек берілді

Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.11.2022 2097 0 пікір
Астана: Үйі өртенген 2 отбасыға қаржылай көмек берілді

ҚМДБ Астана қаласлық өкілдігінің ұйытқы болуымен баспанасы өртеніп кеткен 2 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді.

Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіпов апатқа ұшыраған отбасыларды арнайы зиярат жасап, оларға 500 мың және 600 мың теңге көлеміндегі қайырымдылық сертификатын табыстады.

Майқұтов және Есенберлин көшелерінде тұратын қос отбасының да бес баласы бар. Қарашаның қарлы суығында жақсы лебіз бен жанашырлықтың өзі жылу екенін айтқан олар қайырымдылық шарасына атсалысқан барша жандарға алғысын жеткізді.

Айта кетейік, қос отбасының басына түскен ауыртпашылықты жеңілдету үшін ҚМДБ  «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласындағы өкілі Мерей Жақия, «Көктал» мешітінің бас имамы Ілияс Отар, «Ақмешіт» мешітінің наиб имамы Фархат Исаұлы жамағатты осы шараға жұмылдырған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру