Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауда «Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» өңірлік форумы өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 07.11.2022 2349 0 пікір
Ақтауда «Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» өңірлік форумы өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» тақырыбында өңірлік әйелдер форумы өтті.

Қазақ әйелдерінің мәртебесін арттыру, асылдығы мен абыройынан айырылмаған қазақ аналарын ардақтау, отбасы құндылығын қастерлеу, салт-дәстүрді насихаттауды мақсат еткен форум шымылдығы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық–драмалық театры әртістерінің орындауындағы әнмен ашылды.

Алғы сөзді Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы алып, форумға қатысушыларға және оның жұмысына сәттілік тіледі.

Форум аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы «Исламдағы әйелдің орны» тақырыбында, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және көмек көрсету» секторының жетекшісі, «Маңғыстау көшбасшы әйелдер мектебі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, профессор Роза Қарымсаққызы «Отбасы және қазіргі заман» тақырыбында, кәсіпкер Сәуле Халелқызы «Әйел және кәсіп», күміс алқалы ана, блогер Жансая Ерғалиқызы «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында, Батыс Қазақстандағы мультибрендтік компания басшысы, бизнес тәлімгер Шолпан Алайдарқызы «Арманды мақсат айналдыру» тақырыбында сөз қозғап, құнды пікірлері мен келелі ойларын жиналған қауымның назарына ұсынды.

Жиын соңында сөз сөйлеген Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы барша спикерлерге алғыс хат табыстап, ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру