Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе облысында 71-мешіт ашылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 07.11.2022 2544 0 пікір
Ақтөбе облысында 71-мешіт ашылды

Алладан сауап үміт еткен жомарт жандардың демеушілігімен Ақтөбе облысы, Қобда ауданында 100 адамға шақталған мешіт ашылды. 

Салтанатты рәсімге облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен демеуші 85 жастағы ақсақал Бекарыстан Дүйсенқазыұлы арнайы қатысты. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадманның Құран оқып, бас имам батасын жасады. Ал шара барысында құрметті қонақтар рет-ретімен сөз алып, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.

«Құрметті Талдысай ауылының тұрғындары, бүгін облыстағы 71-ші мешіт халық игілігіне берілді.  Бүгінгі жер бетіндегі ең қасиетті ең таза мекен Алланың үйінің ашылуы баршаңызға құтты болсын! Мешіт – адамдарды мейірімділікке, сүйіспеншілікке шақыратын, бір-біріне қамқор болып, қол ұшын беретін, мұқтаж болған адам жанына тыныштық табатын, сондай бір қасиетті, ұлық мекен. Бұл – имандылықтың, білімнің, тәрбиенің ордасы. 

Мешіт салу – Алла Тағаланың сүйген құлдары пайғамбарлар шұғылданған қасиетті іс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресінің 18-аятында: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға иман келтіріп, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі тұрғызады. Міне, солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі», - деп құттықтай келе, аталған ғибадат үйінің салуына демеушілік танытқан жомарт жандарға ерекше алғысын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Мешіттің ашылу салтанаты қонақтарға арналған ақ дастарқанға ұласса, құлшылық үйі ауласына 13 түп жеміс ағашы отырғызылды. 100 адамдық мешітте ер және әйел жамағатына арнайы зал мен дәрісхана қарастырылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру