Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Тоғызтарауда жаңа мешіт ашылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 07.11.2022 1935 0 пікір
Жамбыл: Тоғызтарауда жаңа мешіт ашылды

Жамбыл ауданына қарасты Тоғызтарау ауылында жаңа мешіт ашылды. Аталмыш мешіттің салтанатты түрде ашылуына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы қатысып, жамағатты құттықтады.

Сонымен бірге, ауыл әкімдері мен аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев пен аудандық «Атамекен» партиясының төрағасы Мадияр Самбетов, Жамбыл облысының құрметті азаматы Сейдіазимов Сембек және де ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қатысты.

Мешіттің ашылуына облыстан арнайы құрметті қонақтар мен ақсақалдар келіп, жамағатқа арнап сөз сөйледі. Аталған шараға арнайы келген қонақтар құттықтау сөздері мен ізгі тіліктерін білдірді. Жамбыл ауданында мешіттердің қатары отыз екінші мешітпен толықты. Сондай-ақ, салтанатты шараға арнап қазақша күрес және басқа да қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Жаңа мешітте алғашқы намаз оқылып, жамағатқа облыстың бас имамы уағыз айтып, арнайы жайылған дастарханға жайғасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру