Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі – Алматы облысында

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 05.11.2022 2268 0 пікір
РАНТ мүшесі – Алматы облысында

Алматы облысына ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы, исламтанушы, РАНТ мүшесі Думан Сайфулла арнайы келіп, жергілікті жамағатпен кездесті.

Алғашқы шара барысында Думан Нәдірұлы Қапшағай қалалық көпсапалық колледжінде болып, студенттерге өзекті тақырыпта насихат айтты. Бұдан кейін РАНТ мүшесі жергілікті Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесіп, оларға «Дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері» тақырыбы аясында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алматы облыстық орталық мешітінде «Зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбында жұма уағызын айтқан Думан Нәдірұлы қазіргі уақытта жеке адамның ғана емес, бүтіндей қоғам өміріне қатер тудырып отырған зиянды әдеттердің мұсылман адамға тән еместігін еске салып, жиналған көпшілікке бұл істерден барынша аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ РАНТ мүшесі Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін сақшы» бағдарламасында «Жан мен тән тазалығы» тақырыбында сұхбат өрбітсе, ЛА-155/14 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілермен жүздесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Ал ақшам намазының алдында Думан Нәдірұлы Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітіне келген жамағатқа әсерлі уағыз-насихат айтты.

Сапар қорытындысында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы РАНТ мүшесі Думан Нәдірұлына жергілікті дін қызметкерлері мен жамағаттың атынан алғыс айтып, атқарған іс-шараларына ризашылығын білдірді. Исламтанушы қатысқан уағыз-насихат жұмыстарына 4 мыңға жуық адам қамтылғанын айрықша атай кеткен жөн.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру