Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Қайырымдылық мекемесінің алғашқы тасы қаланды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 26.10.2022 3321 0 пікір
Маңғыстау: Қайырымдылық мекемесінің алғашқы тасы қаланды

Ақтау қаласында «Бопай ханым» атындағы қыздар қайырымдылық мекемесінің алғашқы тасын қалау рәсімі өтті.

Айтулы шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Құдайбергенұлы, Бекет атаның ұрпағы, бопайтанушы Ислам Мырзабекұлы, қоғам қайраткері Саламат Нұрұлы, дін қызметкерлері және қажы апаларымыз қатысты.

Әнуар Ізімбайұлы да, ел ағалары да жиналған қауымды игі бастамамен құттықтап, бұл мекемеден қазақтың қамын жеген Бопай ананың рухани ұрпақтары шығады деген сенім білдірді.

Қазақ қыздарының арасында Қазақ хандығының қиын-қыстау кезеңінде қазақтың бас ханы Әбілқайырдың жанынан табылып, қиналған шағында еріне қолдау көрсеткен, 1748 жылы 15 тамызда хан өлгеннен кейін тек қана отбасына емес, жалпы қазаққа ақылшы болып, ел тыныштығы мен бірлігін сақтауға үлес қосқан, көпке үлгі болған Бопай ананың орны ерекше.

Бопай анамыз – батыр Табынайдың үлкен ұлы Сүйіндіктің қызы. Бопай – Кенесары көтерілісіне қатысуды халық арасында жалықпай-талмай үндеумен жүрген, кейін өзінің 6 ұлымен бірге талай жорыққа қатысқан, 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек әйел.

Әбілқайыр ханға Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ сияқты бақандай бес ұл тауып берген абыройы асқақ, абзал ана Бопай ханымға патша ұлықтарының өзі де баса-көктеп кіру былай тұрсын, батып тіл де қата алмаған деп, келтіреді тарихшылар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру