Қаз Рус Qaz قاز

Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кесте бір жылға бір айға

Кесте бір жылға бір айға

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

 
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.

Қазір 16:54:48

16 Тамыз 2026

3 Рабиғул әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қаз Рус Qaz قاز
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Пәтуалар
  • Сұрақ-жауап
  • Дәрістер
  • Жұма мінбері
  • Діни сенім
  • ҚМДБ
    • ҚМДБ
    • Бөлімдер
    • Облыс Бас имамдары
    • Ғұламалар кеңесі
    • РАНТ
    • Интерактивті карта
    • Оқу орындар
  • Барлығы
    • ҚМДБ зекет қоры
    • Аудио
    • Бейне
    • Суреттер
    • Кітапхана
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Тараз: «Кемел діннің елшісі» рухани кеші өтті

Тараз: «Кемел діннің елшісі» рухани кеші өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 22.10.2022 3447 0 пікір
– | A | +
Тараз: «Кемел діннің елшісі» рухани кеші өтті

Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде. Осынау айтулы айдың құрметіне ҚМДБ Жамбыл облыстық өкілдігі «Кемел діннің елшісі» атты рухани мәуліт кешін өткізді. 

Орталық «Баласағұн» концерт залында өткен шараның шымылдығы қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылды. Құранды «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінің имамы Қасымжан Бекжігітұлы жүректерге жеткізіп оқыды. Іс-шараны «Өнер қырандары» театры жүргізіп, аталы сөзбен жиынды бастап, көпшілікпен бірге Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтты. Ал Жамбыл облысының «Әжелер алқасы» шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді. 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтудың сауабы мен маңызы жайлы көркем насихат айтты. 

Аталған театрдың өнерпаздары Алла елшісіне арнап бірнеше сазды әндерін жолдады. Өнер қырандары ғибратқа толы қойылымдарын қойып, көрерменді бір жылатып, бір күлдірді. Әзілдің астарында терең ойды жеткізе білген көріністер көпшіліктің көзіне жас алдырды. 

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжі жанынан ашылған Құран қарилар курсының ұстазы Әлімұхаммед Егізбаев, «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінің имамы Қасымжан Бекжігітұлы, XI Республикалық Құран сайысының жеңімпазы Иманәлі Бейбітұлы мен медресе-колледж шәкірттері мәуліт жырын оқыды. Жиналған көпшілік қосыла салауат айтып, рухани жиынның мәні кірді. Барлық рухани кешке келген қонақтарға мешіттің арнайы құттықтауы жазылған пакеттермен мәуліт айында салауат айтуға арналған электронды таспихтар мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  сүннеті болған мисуактар, "Мұнара" газетінің соңғы саны сыйға тартылды. 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ортаға шақырылып, жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, насихатын айтып, сөз сөйледі. Бас имам тастанды, жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған анамызды ортаға шақырып, Мәуліт кешінен қайырым ретінде 300 000 теңге қаражатты сыйға тартты. 

Көпбалалы ана халыққа сүйектен өтер өткір өсиетін айтып, ой салды. Рухани кеш адамзаттың ардақтысына арналған әнмен өз мәресіне жетті. Ерекше әсерге бөленіп шыққан халайық ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026 2672
БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті

13.08.2026 451
Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті

Петропавл қаласы маңындағы мұсылман зираттарынан Qamqor-Sharapat орталығына жер секторлары бөлінбек

13.08.2026 429
Петропавл қаласы маңындағы мұсылман зираттарынан Qamqor-Sharapat орталығына жер секторлары бөлінбек

Маңғыстауда мешіт жамағаттары арасында сапбордтан сайыс өтті

13.08.2026 226
Маңғыстауда мешіт жамағаттары арасында сапбордтан сайыс өтті

Маңғыстауда асабалармен «Той-тәрбие мектебі» тақырыбында жиын өтті

13.08.2026 447
Маңғыстауда асабалармен «Той-тәрбие мектебі» тақырыбында жиын өтті

Алматы облысында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.08.2026 920
Алматы облысында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Байланыс

+7 7172 999 866

+7 7172 999 865

info@muftyat.kz

Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3