«Үшқоңыр» медресе-колледжі қасиетті Мәуліт айының құрметіне рухани іс-шара ұйымдастырды.
Еліміздің барлық өңірінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтілуде. «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстаздары мен шәкірттері де Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар жолдап, мұсылман әлеміне тыныштық тілеп, Алла елшісінің сүннет деген сара жолы мен өнегелі өсиеттерінен сыр шертті. Сондай-ақ арнайы мерекелік дастарқан жайылып, өнерлі жігіттер рухани діни өлең-жырларын оқып, тәрбиесі мол, тағылымы терең көріністер қойды.
Рухани шара кезінде «Үшқоңыр» медресе-колледжінің директоры Абзал Амиров Мәуліт айымен құттықтаса, ұстаз Бекболат Бердімұмрат Мәуліт күні, Мәуліт айының қадір-қасиеті мен шығу тарихы жайлы насихат айтты. Мысырлық ұстаз Абду-Заһир Али Сайд ілімнің артықшылығы мен ауызбіршіліктің маңызы жайлы сөз қозғады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
17.10.2022
2770
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру