«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Павлодар облысындағы арнайы іс-сапары барысында «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесіп, халал тақырыбында семинар өткізді.
Семинар аясында «Халал — шариғат талабы» кітабының таныстырылымы өтіп, ғылым жолындағы шәкірттерге бірнеше кітап данасы сыйға тартылды.
«Білімді жастар – біздің болашағымыз, дініміздің келешек ғалымдары. Өскелең ұрпақтың діни білім алып қана қоймай, әлемдік тәжірибеге негізделген халал стандарты, технологиясы, сертификаттау мен стандарттаудың талап-тәртібі, ережелері, халал өнім өндіру ерекшеліктері мен айырмашылықтары жөнінде ақпараты болғаны маңызды. Сондықтан, әр өңірдегі аудит кезінде уақытымызды бөліп, медресе шәкірттеріне дәріс өткізуді дәстүрге айналдырдық» деді Айбек Асқарбекұлы.
Естеріңізге сала кетейік, «Халал Даму» мамандарының Павлодар облысына сапары барысында өңірдегі қоғамдық тамақтану орындары, сүт фабрикалары, кондитерлік өндіріс орындары т.б кәсіпорындар тексерілуде.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
halaldamu.kz
08.10.2022
3053
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру