Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ел үлесі – пәтерге» жобасының 585-пәтері берілді

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.09.2022 1855 0 пікір
«Ел үлесі – пәтерге» жобасының 585-пәтері берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 585-пәтерінің кілті Арқалық қаласының тұрғыны, әлеуметтік жағдайы төмен, 3 баланың анасы Гүлжан Жұмағалиқызына табысталды.

Қайырымдылық шарасында Қостанай облыстық өкілдігінің қолдауы білдірді. Іс-шараны Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлының ұйымдастырды. Қайырымдылық шарасына қала әкімі Әмірхан Біркенұлы қатысып, қуанышқа кенелген отбасына теледидар тарту етті.

Сонымен қатар мешіт атынан шаңыраққа үлкен кілем берілді. Пәтерге ие болған аяулы ана жомарттық танытқан барша азаматтарға шын жүректен шыққан шынайы алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру