Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имамдар қайта даярлау курсынан өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.09.2022 1717 0 пікір
Шымкент: Имамдар қайта даярлау курсынан өтті

Шымкент қалалық орталық мешіті жанындағы Имамдардың діни білімін арттыру һәм қайта даярлау кезекті курсы аяқталды. Осыған орай курсқа қатысушыларға сертификат табысталды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров, дінтанушы Азамат Әбікерімұлы сертификат табыстау шарасына арнайы қатысып,  діни білім мен біліктілікті көтеру заман талабы екенін айтып, қатысушыларға сертификат табыстады.

Кезекті қыркүйек айындағы ҚМДБ қабылданған концептуалды құжаттарға сәйкес өткізілді. Курста әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари  Мамедалиев,  дінтанушы-ұстаз Дәулет Туленов сынды білікті ұстаздар дәріс оқыды.

Еске салсақ, курс бағдарламасы 12 күнге арналды. Курс барысында ҚМДБ қабылданған концептуалды құжаттары негізінде Құран, ақида, фиқһ және халал өнімдері пәндері тереңдетіп оқытылды. Кезекті оқу курсын 19 имам-молда тәмамдады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру