Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мұсылман әйелдердің дәстүрлі киім үлгілері көрсетілді

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 21.09.2022 2267 0 пікір
Атырау: Мұсылман әйелдердің дәстүрлі киім үлгілері көрсетілді

Әйел-қыздар секторының Атырау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мұсылман әйел қыздарының киім үлгісі» сән көрсетілімі өтті. Іс-шараға 40-қа жуық адам қатысты.

Тігінші-дизайнерлер ұсынған сән үлгілері әр маусымға арналды. Басты ерекшелігі, киім үлгілері қазақ халқының ұлттық киімдеріне негізделіп тігілді.

Көпшіліктің көңілінен шыққан сәнгерлер бәсекесінде тігінші-дизайнер Диляра Романова бірінші орынды жеңіп алды. Тігінші-дизайнер Гүлсім Биташова екінші орынға лайық деп танылды. Ал тігінші-дизайнерлер Маржан Баймұханова мен Айзада Қиынова үшінші орынды қанағат тұтты.

Шара жеңімпаздарын Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құттықтап, сыйлықтарды табыс етті және қатысушыларға отбасындағы, қоғамдағы әйел адамның рөлі туралы насихат айтты.

Еске сала кетелік, жеңімпаздарға қаржылай сыйақы, ал барлық қатысушыға діни кітаптар тарту етілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру