Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: «Концептуалды құжаттарды оқыту» семинары өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 21.09.2022 2028 0 пікір
Алматы облысы: «Концептуалды құжаттарды оқыту» семинары өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай дін қызметкерлеріне концептуалды құжаттарды насихаттау мақсатында Алматы облысына қарасты Жамбыл, Қарасай және Іле аудандарының имамдарына «Концептуалды құжаттарды оқыту» ақпараттық-танымдық семинары өтті.

Шамалғанда өткен іс-шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, наиб имам, Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы, Жамбыл ауданының бас имамы Қалжан Әрібжанұлы, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы және осы үш ауданға қарасты елді мекендердің имамдары қатысып, «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы жүргізіп отырды.

Алдымен өңір бас имамы Мадияр Тағайбайұлы «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» және «Жеті рухани қазық» тақырыбында баяндама жасады.

Өз кезегінде Дәуренбек Жандосұлы «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар жіне міндеттер тізімі», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Ас беру мәдениеті», ал Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қазатком ауылдық мешітінің бас имамы Сәкен Еншібай «Зияткер имам», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарына қатысты дәрістер өткізді.

Алдағы күндері аталмыш семинар облысқа қарасты өзге де аудандарда жалғасын табады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру