Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 09.08.2022 2826 0 пікір
«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ

«Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен 2 отбасыға пәтер кілті салтанатты түрде табысталды.

Алатау ауданы дін қызметкерлерінің тікелей атсалысуымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 577, 578, Алматы қаласы бойынша 18, 19-баспана кілтін табыстау рәсіміне ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен шаһар бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысты.

Бірі Алатау ауданы «Ер Жәнібек» мешіті жанынан мешіт имамына қызметтік баспана болса, екіншісі баспанаға мұқтаж Ернұр Оралханұлына Қарасай батыр ауданының Кемертоған ауылынан жеке үй тұрғызылып берілді.

Наиб мүфти үй иелеріне ақ тілектерін айтып, батасын берді. Баспаналы болған отбасылар қамқор жамағат пен демеушілерге алғыстарын жеткізді. 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру