Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

muslim.kz 23.05.2022 1961 0 пікір
ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің жалпы жиналысы өтіп, елорда мешіттерінің жазғы жұмыс жоспары талқыланды.

Бас имам Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен жиында қаладағы 12 мешіттің Рамазан айындағы және Ораза айт мерекесіндегі жұмыс есебі тыңдалып, жаз айларындағы жұмыс жоспары бекітілді.

Жиын барысында 1-20 маусым күндері ұйымдастырылатын «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсы жұмыстары арнайы талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ қасиетті Рамазан айындағы жұмыс қарқынын жоғалтпай, басқа да бағыттарға, әсіресе қайырымдылық жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Осы бағыт аясында маусым айы науқас жандарды зиярат етуге арналса, шілде айында жетім балаларға қамқорлық жұмыстары жүргізілмек. Тамыз айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында жұмыстар атқарылмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру