Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Жолаушыларға жылу сыйлады

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 17.01.2022 2179 0 пікір
Қызылорда: Жолаушыларға жылу сыйлады

Жыл басында елімізде болған оқиғаға байланысты бірқатар пойыздар діттеген жеріне жете алмай, өңірлерде тұралап қалған еді.

Осы орайда Сыр жастарының пойыз жолаушыларына жылу сыйлап, жақсылық жасағанын айта кеткен жөн. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Арал және Қазалы аудандық Жастар ісі секторының мұрындық болуымен мешіт жастары да аймақтағы белсенді тұрғындармен бірге жолда қалған жолаушыларға қамқорлық көрсетуге асықты.

Теміржол бекетінің басында бірі ыстық тамақ әзірлесе, енді бірі ас-суын таратып құрақ ұшып жүгіргенін көрген жолаушылар мейірімді жастарға ақ баталарын жаудырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру