Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Жарақат алған жандарға ыстық тамақ жеткізді

muftyat.kz 11.01.2022 2034 0 пікір
Алматы: Жарақат алған жандарға ыстық тамақ жеткізді

Алматы қаласындағы «Вайнах» мешітінің ұжымы мен жамағаты шаһардағы №4 травмотологиялық ауруханаға барып, қаладағы тәртіпсіздік кезінде жарақат алған науқастарға ыстық тағам жеткізді.

Сондай-ақ қала көшелерін қалпына келтіруге кіріскен тазалық мамандары мен өрт сөндірушілерге ыстық тағам пен шай ұсынды.

«Мұсылмандар қандай жағдайда да Алла разылығын көздеп, маңайындағыларға шамасы келгенше көмектесуі тиіс. Жаны жомарт мешіт жамағатының қолдауымен ауруханада жатқан науқастарға, қала көшелерін қалпына келтіруге үлес қосып жатқан еріктілерге, барлығы 180 адамға ас-су жеткіздік» деді «Вайнах» мешітінің наиб имамы Мархабай Аханбайұлы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру