Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Өрт сөндірушілермен кездесті

Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.12.2021 784 0 пікір
Өскемен: Өрт сөндірушілермен кездесті

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ұйымдастырған ЖАНТ кездесулері аясында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлауұлы аудандық өрт сөндіру бөлімінде кездесу өткізді.

Бас имам өрт сөндіру қызметі мамандарына рухани тәрбие туралы насихат айтты. «Жат ағымдардан сақтану бағытында жеке діни сауаттылықтың болғаны маңызды. Себебі жалған діни ақпарат алу арқылы жат ағымдардың жетегінде кететіндер көп. Дәстүрлі Ислам – бабаларымыздан мұра болған салт-дәстүрімізбен үйлесім тапқан, тәрбиелік құндылығы жоғары дін. Исламда әсіресе адамының ішкі рухани тәрбиесі немесе ихсанның орны ерекше. Рухани тәрбие қоғамда толыққанды тұлға болып қалыптасуға жол ашады» деп атап өтті.

Кездесу барысында Зауатбек Сайлауұлы негізгі білімнің рухани бағыты жайлы, яғни деструктивті діни ағымның ықпалына түспеуге, сондай-ақ бүгінгі күнде интернет желісінде әртүрлі діни және эктремизмдік бағыттағы ақпараттармен бөлісуге болмайтыны жайлы ескертіп өтті.

Өрт сөндірушілер бас имамның тағылымды насихатын зер сала тыңдады. Өздері байыбына бара алмай жүрген сұрағын қойып, нақты жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат