Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арқалықта студенттермен жүздесу өтті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.11.2021 2499 0 пікір
Арқалықта студенттермен жүздесу өтті

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Иманды ұл, ибалы қыз» және медициналық колледждің жатақханасында «Дін және заң» тақырыптарында тағылымды жүздесу өтті.

Кездесу барысында Арқалық қаласының бас имамы Нұрхан Асанұлы студенттерге жалпы діни ағым хақында түсінік бере келіп, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттардан, қауіпті сайттардан сақтану жөнінде мағлұмат берді. Сонымен қатар қатысушыларға имани тәлім-тәрбие, әдеп-иба жайында әңгімеледі. Бас имамның әңгімесін студенттер ұйып тыңдады.

Басқосуға оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Колледж ұжымдары Нұрхан Асанұлына басқосуға келіп, ғибратты әңгіме өрбіткені үшін ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру