Пайғамбардың туған айы – Мәуліт айының құрметіне ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігінің ұйымдастыруымен «Сағынышқа айналған әз-Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті.
Мәуліт кешінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен өнегелі уағыз-насихат айтылып, мешіт шәкірттері тәрбиелік мәні бар көріністерді кеш қонақтарына тарту етті.
Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы жыл бойына мешіттерге қамқорлық жасаған мейірімді жандарға алғыс хаттар мен қасиетті Құран, басқа да сый-сияпаттар берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі
04.11.2021
1950
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру