Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы аймағында Мәуліт кеші өтті

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 26.10.2021 2078 0 пікір
Алматы аймағында Мәуліт кеші өтті

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәдениет үйінде «Қош келдің, мүбәрак Мәуліт айы» рухани кеші өтті.

Алматы облысы Жамбыл ауданының орталық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Қалжан Әріпжанұлы бастаған дін қызметкерлері мен аудандық мәдениет үйі ұжымы бірлесіп өткізген іс-шара шымылдығы Құран Кәрім оқумен ашылып, Құран жарыстарында әуезді үнімен көзге түсіп жүрген жастар Жеңісхан Саденов, Оралхан Шоманов және Жаңақұрылыс ауылындағы Қарсақбаев мектебінің бір топ оқушылары мәуліт оқыды.

Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Наржанов жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Құран жаттауда жоғары нәтижеге жеткен шәкірттерге бағалы сыйлықтар табыстады. Тағылымы мол рухани кештің соңы діни әндерге ұласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру