Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Аудандық мешітке имам тағайындалды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 25.10.2021 2240 0 пікір
Қостанай: Аудандық мешітке имам тағайындалды

Қостанай облысы Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітіне имам тағайындалды.

Облыстық мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрам ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен аудандық мешітке бас имам болып тағайындалған Асылхан Түсіпбекті жамағатқа таныстырды.

Асылхан Мұханбетжанұлы бұған дейін Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде қызмет атқарған. Ал «Аққозы қажы» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған Нұрбол Исламұлы Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітіне наиб имам болып тағайындалды.

Мешіт жамағаты Асылхан имамды қарсы алып, Нұрбол қажыны иығына шапан жауып шығарып салды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру