Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Рухани келісім күніне орай бас қосты

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 18.10.2021 2075 0 пікір
Қостанай: Рухани келісім күніне орай бас қосты

Қостанай қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өңірдегі діни конфессиялардың өкілдері дөңгелек үстелде бас қосты.

Рухани келісім күніне арналған жиынға облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет те қатысты.

Жүздесуде діни наным-сенімдеріне қарамастан елімізде мекендеп жатқан барлық дін өкілдеріне құрметпен қарау, қоғамда әрқашан да халықтар арасындағы достық пен татулық басты орын алатындығы айтылды.

Жиыннан кейін қатысушылар ауызбірлік пен ынтымақтың жарқын айғағы ретінде ұйымшылдық танытып, тал екті.

«Бүгінгі жүздесудің маңызы ерекше. Еліміздегі бүкіл жұртшылық жұдырықтай жұмылып, ортақ мақсат жолында аянбай еңбек еткенде ғана біз бұдан да іргелі, сыйластығы жарасқан мемлекетке айналамыз» деді Бахытбек Нұрғабылұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру