Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы тағайындалды

muslim.kz 15.10.2021 3604 0 пікір
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы тағайындалды

Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды.

Жұма намазына жиылған жамағатқа қала бас имамы Ерболат Жүсіпов Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып беріп, бүгіннен бастап құлшылық ордасының бас имам қызметіне тағайындалған Руслан Нақыпбекұлы Байзақовты таныстырды.

Елорда жамағатына бұрыннан таныс Руслан Нақыпбекұлының бұған дейін Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты «Нұр Астана», «Әр-Рахман» мешіттерінде жемісті еңбек атқарғанын атап өткен Ерболат Нұрылдаұлы жаңа қызметіне сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру