Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Наиб имам студенттермен жүздесті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 17.09.2021 2546 0 пікір
Ақтөбе: Наиб имам студенттермен жүздесті

Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің әр түрлі мамандықта оқып жатқан 2-3 курс студенттерімен кездесу өтті.

Білім ордасындағы кездесуге «Нұр Ғасыр» мешітінен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін келген наиб имам Нұрбол Берікболұлы елімізге жат ағымның келу себебі мен теріс ағымдағылардың адасқан ұстаздарының тарихына тоқталды. Сондай-ақ наиб имам олардың қазіргі таңдағы сипаттарын айтып, сақтанудың әдіс-тәсілдерін атап өтті. Одан өзге Нұрбол Смағұлов жастарға тек бір саланы зерттеумен шектелмей, салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан ата-бабамыз ұстанған ислам дінінің қайнаркөздерімен танысып, теріс ағымда қарсы иммунитет қалыптастыруға жол сілтеді.

Конференция залда өткен алқалы жиынға проректор, тәрбие жөніндегі оқытушылар және жазушы, аға оқытушы Ақылбек Дадин қатысты. Имамның сөзіне өз пікірін қосқан аға оқытушы Ақылбек Дадин діни ақпараттарды тек сенімді орындардан алуға шақырды. Шара соңында студенттер қойған маңызды сұрақтарға Нұрбол Берікболұлы кең ауқымды түрде егжей-тегжейлі жауап берді. Қызықты да пайдалы өткен сұхбатқа жоғары оқу орыны өкілдері тарапынан дін қызметтеріне алғыс айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру