Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: ЖАНТ мүшелері үш ауданда болды

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі 16.09.2021 2440 0 пікір
СҚО: ЖАНТ мүшелері үш ауданда болды

Жергілікті ақпарат-насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері – Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Аманжолұлы мен Қызылжар қалалық мешітінің наиб имамы Қарабек Бекдәулет арнайы іс-сапармен өңірдің үш ауданында болды.

Мақсат Аманжолұлы Шал ақын аудандық кітапханасында және Жастар ресурсы орталығында жастармен, аудан тұрғындармен кездесіп уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп,  «Ихсан – рухани тәрбие» негізі кітабын таныстырды. Одан кейін ЖАНТ мүшесі аудандық «Сейдахмет хазірет» мешітінің жамағатымен кездесті.

Қарабек Бекдәулет көршілес Тимирязев аудандық қазақ интернатында және «Нұр Отан» партиясы Тимирязев аудандық филиалында оқушылармен аудан тұрғындармен кездесу өткізді. Сонымен қатар аудандық «Мұхаммеджан молда» мешітінде жамағатпен жүздесіп, мешіттің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Іс-сапарды ЖАНТ мүшелері Есіл ауданында аяқтады. Бұл іс-сапар мешіттердің жай-күйін тексеріп, ішкі-сыртқы тазалығы мен қысқа дайындығына көз жеткізу мақсатын көздеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру