Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Отбасы құндылығы насихатталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 16.09.2021 2009 0 пікір
Өскемен: Отбасы құндылығы насихатталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев облыстық «ALTAI» телеарнасының тікелей эфирдегі «Алтай таңы» бағдарламасына қатысты.

Қанат Дауылбаев отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі, отбасындағы әкенің рөлі тақырыбында салауатты насихат айтып, хабар барысында халықтың діни сауалдарына жауап берді.

«Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Асыл дінімізде отбасы баға жетпес құндылықтар қатарына жатқызылады. Қоғам отбасыдан басталатынын ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепіліотбасы тәрбиесі мен құндылықтары екендігіне маңыз берген» деп атап өтті наиб имам.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру