Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Шағын футболдан турнир өтті

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 16.09.2021 1755 0 пікір
Талдықорған: Шағын футболдан турнир өтті

ҚМДБ Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлының және Алматы облысы дін істері басқармасы Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында мешіт жамағаты арасында шағын футбол турнирі өтті.

Турнирге өңірдің аудан, қала мешіттері жамағатынан құралған 15 команда қатысып, соның ішіндегі 6 команда финалда бақ сынады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, ерекше ойын көрсеткен 3 командаға арнайы ақшалай жүлде табысталды.

Турнирдің жабылу салтанатына Талдықорған өңірінің бас имамы А.Данағұлов, Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы Б.Ниет және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаев қатысып, құттықтау тілегін жеткізді.

Жарыс соңында Еркін мешітінің жамағаты жүлделі ІІІ орынға ие болып, 200 мың теңгені иеленсе, «Иман» мешітінің жамағаты ІІ орынға табан тіреп, 300 мың теңге сыйақыны қажығасына байлады. Турнирде үздік нәтижемен алға шыққан Текелі қалалық мешітінің жамағаты І орынды жеңіп алып, 400 мың теңге қаржылай сыйақымен марапатталды. 

Сонымен қатар, «Үздік қақпашы» номинациясымен «Жетісу» мешітінің жамағаты Әнуар Берікұлы,  «Үздік қорғаушы» номинациясымен «Жайпақ» командасының ойыншысы Ерәділ Бектемірұлы марапатталса, «Иман» мешітінің ойыншысы  Әлібек Бектуров «Үздік шабуылшы» атанды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру