Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Ихсан ілімі жайлы дәріс өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 15.09.2021 2246 0 пікір
Қостанай: Ихсан ілімі жайлы дәріс өтті

Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім» атты діни-танымдық дәріс өтті.

Мұнда мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жиналғандарға ихсан бойынша толыққанды түсіндірме беріп, тақуалық – мұсылман баласының иманын бекемдейтін, ғибадатқа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән болған ізгі қасиеттерді нығайта түсетін қасиет екенін айтып өтті.

Сондай-ақ осы тақуалыққа кері әсер ететін қазіргі таңда қоғамда кең тарап кеткен – өтірік айту, ғайбат сөйлеу, тәкаппарлық сынды тақырыптарды да тілге тиек етіп, мұндай жаман әдеттерден аулақ болу қажеттігін насихаттады.

Жиналғандар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Эпидахуалға байланысты көптен бері бас қоспаған жамағат бұл дәрістің маңыздылығына шынайы ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру