Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму»: Әйел жамағатына семинар өткізді

halaldamu.kz 14.09.2021 2038 0 пікір
«Халал Даму»: Әйел жамағатына семинар өткізді

ҚМДБ Қостанай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Akmechet» орталық мешітінде әйел жамағатына арналған «Халал – тіршілік һәм құлшылық өзегі» атты семинар өтті. Семинарды «Халал Дамудың» бас сапаршы-технологы Айжан Омарова жүргізді.

«Отбасы үшін ас даярлайтын да, азық-түлік таңдайтын да, балалардың тамағына жауапты да әйел адамдары болғандықтан халал турасында мағлұматының болғаны нәзік жандылар үшін аса маңызды.  Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Халал астың маңызы жөнінде аяттар мен хадистер де бар. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау болуы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына байланысты» деген Айжан Қалмаханқызы «Халал Даму» қызметі, халал стандарт талаптары, тағамдық қоспалар жөнінде әйел жамағатына кәдесіне жарарлық мағлұмат берді.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп,  дәріс тыңдаушылары білімін жетілдіруге мүмкіндік берген «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру