Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Аудан имамы қаржылай сертификатпен марапатталды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 13.09.2021 2118 0 пікір
Маңғыстау: Аудан имамы қаржылай сертификатпен марапатталды

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлына 1 000 000 теңгелік қаржылай сертификат табыс етілді.

Жақында Маңғыстау ауданының басшысы Тілек Жеткізгенұлы Құралбай Амалбайұлын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттаған болатын. Көп ұзамай, облысқа белгілі кәсіпкер, меценат Сұңғат Мұңалбаевтың баласы Бекзат Аңшыбаев Құралбай имамға 1 миллион теңге табыс етті.

«2018 жылы Шетпе мешітіне бас имам болып тағайындалған кезде, кілемдерді жаңарту, құлшылық үйін кеңейту және өзге де жөндеу жұмыстарын бастап кеттік. Сол кезде 1,5 миллион теңге қаражат қажет болып, екі кәсіпкер ағамыз көмектесті. Соның бірі осы Сұңғат Аңшыбайұлы ағамыз еді. Бұл әулеттің жомарттық танытып, жасап жатқан өзге де қайырымдылық істері баршылық. Алла сіздерге разы болғай!» деді Құралбай Амалбайұлы.

«Құралбай Амалбайұлы жоғарғы оқу орнын бітіре салып, өзі туып-өскен Шетпе ауылына қызметке кіріскелі көп уақыт өткен жоқ. Осы уақыт аралығында жастығына қарамастан аудан өміріне белсене араласып, тұлғалық қасиеттерімен көпшіліктің көзіне түсіп, халықтың алғысына ие болды. Аудан имамы ретінде жергілікті тұрғындардың және ел азаматтарының құрметіне де бөленді. Үлкенді аға, кішіні іні тұтқан Құралбай имам өңірдегі дін қызметкерлерінің арасында да сыйлы.

Аталмыш сыйлық Құралбай имамның өз ісіне деген адалдығының, еңбекқорлығының, қажыр-қайратының жемісі. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханұлының «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген мазмұны терең сөзі Құралбай Амалбайұлының қызметін сипаттайды десем, артық айтқаным емес. Алла Құралбай бауырымызға да, азаматына осындай қолдау білдірген жанашыр, жомарт ағаларымызға да разы болсын» деді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру