Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Отбасындағы құндылықтар насихатталды

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 13.09.2021 1828 0 пікір
Талдықорған: Отбасындағы құндылықтар насихатталды

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша Жастар ісі секторы және қалалық  Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы күзет басқармасының қызметкерлерімен «Отбасы және отбасындағы құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті.

Қыркүйек айының екінші аптасындағы Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараға орталық «Иман» мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Мұқиятұлы қатысты.

 «Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген. Қазақта: «Отан – отбасынан басталады», «Өз үйім – өлең төсегім», «Екі жақсы қосылса аймен күндей», «Үйде береке болса, дастарханда берекет болады» секілді ұлағатты сөздер бабаларымыздың бақытты шаңырақ, тату отбасы ұғымына ерекше мән бергенін дәлелдейді» деді Нұрсұлтан Мұқиятұлы.

Қызметкерлерге тағылымды насихат айтылып, ата-ананың қадірі насихатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру